Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ұлттық ойындар сабағы
24-12-2016 00:26
Ұлттық ойындар сабағы
асық

Мектебімізде дене шынықтыру пәні мұғалімі Нұрашева Жанар Бөлегенқызының ұйымдастыруымен қазақтың ұлттық ойындары сабақ барысында кеңінен қолданыс табуда. Асық ату ұлттық ойынын ұйымдастырушысының мақсаты – қазақтың ұлттық ойындарын, салауатты өмір салтын насихаттау. Ұлттық ойындарымызды дене шынықтыру сабақтарында қызықты өткізу оқушылар сергіп қана қоймай, сонымен қатар, олардың аса қызығушылық танытуы арқылы ұлттық мұраға бет бұруына әкеледі.

асық Көне ойынның тарихы таңғанарлық. Асық ату ойынының көптеген түрі бар. Мысалы, олардың бірі – манай ойыны. Әр ойыншыда екі асық және бір сақа. Ойыншылардың қайсысы көп асық жинаса, сол жеңіске жетеді. Көне ойынның бір түрі – алшы ойыны. Ойын басталар алдында, ойын жүргізуші, барлығының сақаларын жинап алып, ойында әркімнің кезегін белгілеу үшін, яғни, кімнен кейін кім асық ату керектігін анықтау үшін, сақаларды иіреді. Иірген кезде кімнің сақасы алшы түссе, сол бірінші, тәйке түссе екінші, бүк түссе үшінші, шік түссе одан кейін асық ататын болады. Атқан кезде сақасы мен асығы бір жақты түссе, атқан асығын алып, әрі қарай ата береді. Енді бірде асық атқан кезде сақасы алшы түсіп, асық кез келген жағында жатса да асықты алады, тағы атады, ал сақа мен асық екеуі екі түрлі түссе, онда алмайды. Ол атуды тоқтатып, кезекті келесі ойыншыға береді.

асык

Асықпен ойналатын ойындардың түрі сан алуан. Сабақтың элементі ретінде де қолдануға болады. Балаларға шапшаң, епті болуды баулиды, сонымен қатар асық табиғи зат болғандықтан, бала денсаулығына еш зиянын тигізбейді. Балалар пайдасынан зияны көбірек тиетін қазіргі ойыншықтармен ойнағаннан гөрі, оларға әдемі адами қасиеттерді үйрететін осй ойындарды үйреткен жөн. Сондай-ақ балалар ұлттық ойындар арқылы ата-бабасының тұрмыс-салтынан да хабардар болады, бойына сіңіріп өседі.