Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Алтын ұя - мектебім
23-12-2016 04:45
Алтын ұя - мектебім

Мектеп - кеме, білім - теңіз, барар жерге тез жетеміз, - деп халық жай айтпаған ғой. Мектеп - сауат ашатын жер, екінші үйің, қасиетті жер.

Әркімнің алғашқы мектеп табалдырығын аттаған сәттен жаңа өмірге қадам басатыны анық. Ал мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннің сауатты да білімді, арлы да ұятты, ақылды да намысты болып өсіп, Отанын, елін, жерін қастерлеуге, сүюге тәрбиелейтін осы мектебі. «Мектеп-теңіз, білім –кеме» демекші, біз «Өмір» деген тұңғиық теңізге сапар шекпес бұрын осы кішкентай ғана «Мектеп» деген теңізден өтуіміз керек. Кішкентай болса да, берері мол, адамды тек жақсылықтарға тәрбилеп үлкен сапарға аттандыратын, алғашқы жеңіс те, алғашқы білім де, алғашқы сезім де бастау алатын жер осы – мектеп. Мен әлі үлкен сапарға шыққаным жоқ, бірақ мені сол сапарға дайындау жолында кеменің ескегіне айналған ұстаздарым мен мектебімнің еңбегі ұшан –теңіз. Мені сүрінбес тұлпар, талмас сұңқар болуға тәрбиелеп, білім беріп жатқан алтын ұям, мектебіме, ақылшы ұстаздарыма айтар алғысым шексіз. Білім көшінде 1 жыл қызмет етіп келе жатқан, алтын ұя - мектебім, туған күнің құтты болсын!!!

«Жас қыран және Жас Ұлан» ұйымының көшбасшысы Индира Абдыгалыкова