Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ОЛИМПИАДА
14-12-2016 07:50
ОЛИМПИАДА

2016 жылдың 7-8 желтоқсанында Павлодар қаласының № 37 жалпы орта білім беру мектебінде қалалық пән олимпиадасы өтіп, олимпиаданың қорытындысы және марапаттау рәсімі желтоқсан айының 12 жұлдызы күні №37 жалпы орта білім беру мектебінің мәжіліс залында өтті. Мектеп оқушылары пән бойынша сапалы білім көрсетіп, жоғары нәтижеге қол жеткізе алды. Атап айтсам, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 10 «А» сынып оқушысы Қабдылбари Анель (мұғалімі Г.А.Дюсенбина) 1-орын, 11 «Б» сынып оқушысы Каирова Назерке 1-орын, Айкенова Данагүл 9-сынып оқушысы 3-орын (мұғалімі Т.Т.Акпарова) иеленді. Сол сияқты орыс тілі пәні бойынша 11 «А» сынып оқушысы Бекен Аймира 1-орын, 10 «А» сынып оқушысы Ергібай Мадина 2-орын, 9 «А» сынып оқушысы Жүнісханова Самал (мұғалімі Л.Ө. Мұқатова) 2-орынды иеленді. Тарих пәні бойынша 11 «А» сынып оқушысы Сүлеймен Жамиля 2-орын, 9 «А» сынып оқушысы Айдарханов Айдар 1-орын иеленді, сонымен қатар, құқықтану пәні бойынша Ғазизова Альмира (мұғалімі А.Е.Қасымжанова) 2-орынды иеленді. Марапаттарымыздың биология пәні бойынша жүлделі қатарын 11 «А» сынып оқушысы Сарсембай Аида және 10 «А» сынып оқушысы Қаип Ахмади жүлделі 1- орын, 9 «Б» сынып оқушысы Садартинова Рахима (мұғалімдері Г.Б. Бектемірова және К.Т.Қалиева) 2-орын иеленулерімен толықтырды. Жеңімпаздарымызға алдағы облыстық пән олимпиадасында биік жетістіктерге жетулеріне тілектеспіз.