«Қазақ елі - мәңгілік ел»
Мектебіміздің 2 «А» сынып оқушыларымен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Қазақ елі - мәңгілік ел» айдарымен пресс-конференция түрінде тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: жас жеткіншектерді еліміздің тәуелсіз алғалы 25 жыл ішінде жеткен табыстарымен таныстырып, білімдерін нығайту. Отанын құрметтей білетін, болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлесітерін қосатын азамат тәрбиелеу.
Сабақ барысында желтоқсан оқиғасының құрбандары туралы бейне көрініс көрсетіліп, Тәуелсіздік оңайлықпен келмегендігі туралы айтылды. Одан кейін еліміз Егемендік алғаннан бергі жылдарға шолу жасалды. Еліміз - Қазақстан, алғаш Президентіміз – Н.Ә. Назарбаев, рәміздер, Астана, Ата Заң, теңге туралы жазылған ақындардың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқудан балалар үлкен тебірентер әсер алды. Сынып жетекшісі оқушыларға азат елдің білікті, білімді, жігерлі, азаматтары болуына тілек білдірді.