Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Кіші академиядағы кіші кеңес
30-11-2016 04:00
Кіші академиядағы кіші кеңес
"Абайтану" курсы бойынша 9 "А" - сынып оқушыларының қатысуымен "Кіші академиядағы кіші кеңес" атты автореферат қорғау сабағы өтті. Сабақтың мақсаты: Кемеңгер ақынның өмірі мен шығармаларын насихаттай отыра оқушыларды көпшілік алдында еркін сөйлеуге және жиындар мен конференцияларды басқара білуге үйрету. 610 13 Сабақты академия президенті (оқушы) жүргізді. Оған оқушылардың қалауымен Мусина Айдана сайланды. Сабақ барысында автореферат авторлары президент нұсқауымен кезең бойынша тіркеліп, өз жұмыстарын қорғады. Олардың жұмыстарын бағалау мақсатында эксперттік комиссия мүшелері болып Айдарханов Айдар мен Сарсекеева Дильназ тағайындалды. Кеңесте төрт мәселе талқыланды. Негізгі мәселе: Абайдың өмірі мен шығармашылық жолы болатын. Автореферат авторлары осы мәселелер төңірегінде өз пікірлерін ортаға салды. Қатысушылар тақырып бойынша сауалдар қойып, өздеріне қажетті мәліметтер алды. Алғашқы кезең президентің сөзімен басталып, кеңес мәжілісінің күн тәртібі талқыланды. Екінші кезеңде авторефераттар тыңдалды. Үшінші кезең қорғалған авторефераттарды талдаумен жалғасын тапты. Қатысушылар сауалдарына жауаптар берілді. 5 9 11 абайтану Алғашқы болып қорғаған Жунусханова Самал Абайдың балалық шағы мен өскен ортасы туралы ой бөліссе, Аменова Гульвира Абайдың ел ісіне араласуы жайында мәліметтер келтірдіп, өз ойын дәлелдеді. Ал Газизова Альмира Абай шығармаларын тақырыбы бойынша тарқатып айтып, оқушылардың сауалдарына жауап берді. Семибеков Рахат Абайдың табиған лирикасын әңгімелеп, басты ерекшеліктерін атап өтті. абайтану Төртінші кезеңде қорытынды баға, ұсыныстар жасалып, эксперттік комиссия мүшелерінің шешімі тыңдалды, ең үздік автореферат иесі марапатқа ие болды. Мұндай құрмет Семибеков Рахатқа бұйырды. Кеңес соңы естелік суретке түсумен аяқталды. Оқушылар келесі сабақтың тапсырмасын алып, тамаша көңіл-күймен тарасты. Мен сабақтың бағыттаушы қызметін атқарып, оқушылар жұмысының еркін әрі қызықты жүргізіліуіне жағдай жасадым. Мұндай сабақтың оқцшыларға берері көп. Келесі сабақтарымыз да осылай жалғасады деген ойдамын.

"Абайтану" курсын жүргізуші

Қ.М.Абдуллаева