Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қызықты математика
30-11-2016 03:36
Қызықты математика

«Екі өрнектің қосындысының және айырмасының квадраты»

Бүгін 30.11.16 ж 7 «В» сыныбымен Молдагельдинова Салтанат Оралбаевна «Екі өрнектің қосындысының және айырмасының квадраты» тақырыбына сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: материалды есте сақтауын, білік, білім дағдыларын, сөйлем мағынасын толық түсініп, талдай білулерін тексеру; пәнге қызығушылығын арттыру, тақырыпты саналы меңгеру дағдыларын қалыптастыру; есеп шығаруда тиімді әдістерді тез таңдай білуге дағдыландыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сабақта оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған түрлі тапсырмалар мен технологиялар тиімді қолданылды. Ықпалдастырылған жеті модуль күтілетін нәтижеге бағытталды. Сабаққа қатысқан математика мұғалімдері – Қангельдеева Қарлыға Кабиевна, Шәймұратқызы Жананұр, Шоманова Гүлнәр Найманханқызы сабақтың оң нәтижесі мен жағымды жақтарын өз сараптамалық талдауларында көрсетті.