Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тұңғыш Президент тақырыбында ашық сабақ
25-11-2016 23:48
Тұңғыш Президент тақырыбында ашық сабақ

Павлодар қаласының №37 жалпы орта білім беру мектебінде 4 сыныптар арасында «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті» атты тәрбие сағаты өткізілді. Аталған іс-шараға 4 сынып мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Бұл шараны өткізудегі мақсат: Жас ұрпаққа Елбасының тұлғалық қасиеттерін ашу, еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерін айту, Елбасының Қазақстан дамуына қосқан үлесін жеткізу, оқушыларды Елбасымыздың өмірбаянымен таныстыру. Тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының әнұранымен басталып, фотосуреттер арқылы Елбасымыздың балалық шағына саяхат жасалды. тұңғыш Президент Оқушылар өзара сұрақтар қойып, Елбасы өмірі жайлы көптеген деректер білді. Бұндай іс-шараларды өткізу оқушылардың патриоттық сезімін оятып, еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға көмектеседі.