Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ағашты күйдіріп өңдеу қолөнері
25-11-2016 06:19
Ағашты күйдіріп өңдеу қолөнері

Ағашты күйдіріп өңдеу қолөнері

2016 жылғы 24 қарашада Павлодар қаласының №37 жалпы орта білім беру мектебінде қолөнер үйірмесі аясында оқушыларды ағашты күйдіріп өңдеу қолөнеріне баулу шарасы өткізілді. Бұл технологияны мектебіміздің аталған сала бойынша мұғалімі Акмаганбетов Нұрлыбек Оразбекович ұйымдастырды.

Осы шараның басты мақсаты - оқушыларды ағашты күйдіріп өрнектеу аспабының құрылысымен таныстырып, күйдіру әдісін үйрету. Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін көрсету. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастырып, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту. Қолөнер үйірмесі өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол мейрімділікпен қоса, кәсіби дарын, іздемпаздық, іскерлік екендігін қалыптастырып үйрету. Қазақстан Республикасының қолөнеріне деген ұстанымын алға қою.

ағаш күйдіру қолөнері