«Сыбайлас жемқорлық - індет, жою міндет»
2016 жылдың 24 қараша күні мектебімізде «Сыбайлас жемқорлық - індет, жою міндет» тақырыбы аясында 5 сынып оқушылары мен ұстаздарының ұйымдастыруымен мәжіліс залында ашық сынып сағаты өткізілді. Аталмыш іс-шараға 5-11 сынып жетекшілері мен оқушылар қатысты. Бұл шараның басты мақсаты: Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек екендігін оқушыларға түсіндіру. Жас ұрпақтың санасына қоғамдағы бұл дерттен құтылу жолын ұсынып, дұрыс бағыт-бағдар беруде үлкен мән бар. Ол жол - Президенетіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.