2016 жылдың 22 қарашасында Павлодар қаласының № 37 жалпы орта білім беру мектебінде әдістемелік күн өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Төлеухан Бахытгүл 5 «В» сыныбында «Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні» тақырыбына ашық сабақ көрсетті. Мультимедиа кабинетінде өткізілген сабақта мұғалім АКТ құралдарын тиімді қолданып, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра алды. Деңгейлік курстан өткен мұғалім 7 модуль ықпалдастырылған сабағында психологиялық сәтінен сабақ соңына дейінгі сабақ құрылымы, таңдалған әдіс-тәсілдері өзара үйлесімді, сәтті өтті және оқушының өзіндік әлеуетін, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталды. Сергіту сәтінің өзі оқушылардың көңілдерін көтеріп, тақырыппен ұштасып жатты.