2016 жылы 16 қараша күні «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» 8 сыныптар аралығында биология, химия, география пәндері бойынша конференция жиыны өтті. Конференцияның негізгі мақсаты оқушылардың ізденімпаздығы мен танымдық әрекеттерін шығармашылыққа бейімдеу. Халықаралық химия жылы, Қазақстан өндірісінің дамуы туралы оқушыларға кеңнен насихаттау, сонымен бірге экологиялық тәлім – тәрбие беру. Осындай жұмыстың маңызды бір бағыты, бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың география, биология және химия пәндер біліміне сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Себебі білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары, әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу- сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.
география пәні мұғалімі
Б.О.Сарсенова