Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Әр бастама өзін-өзі танудан басталады
11-11-2016 05:48
Әр бастама өзін-өзі танудан басталады

img-20161025-wa0011

«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» атты 3 деңгей біліктілік арттыру курсы аясында рухани –адамгершілік білімнің қоғамда қажеттілігі мен маңыздылығын дәріс пен тәжірибе сабақтарында талқылап, алған білімімізді тәжірибемен ұштастырдық. Аталмыш курс аясында жалпыадамзаттық құндылықтардың маңыздылығын тереңінен зерттей білдік, әсіресе ақиқат, ішкі тыныштық, дұрыс әрекет, қиянат жасамау, риясыз сүйіспеншілік құндылықтарының маңыздылығын айрықша түсіндік. Осы алған білімімізді жетілдіру мақсатында бірнеше шараларға қатыстық: ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға арналған «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» мекемесінде қайырымдылық шарасын өткіздік, Ы. Алтынсарин атындағы Дарынды балаларға арналған №3 гимназия мектебінде сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жүргіздік. Балалардың бір күнін нұрландыру мақсатында сәбилер мен жасөспірімдер үшін әр түрлі ойын, жарыс өткіздім. Балалар бөтенсінбей бірден бізді қабылдап, шараларға белсенді қосылды. Балалар өз өнерлерін паш етті: әң, өлең айтып, би беледі. Бір осындай қайырымдылық жасау іс шарасы «Өзін-өзі тану» сабағының он сабағына тұрады.

img-20161025-wa0023 Ел жанашыры Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым деген бала қайдан шықсын?!» деп айтқан. Осыған орай, әр баланы өзімнің балам деп қабылдап, оларға барынша сүйіспеншілік пен мейірім төге білейік! Бұл әр адамның қолынан келетін игі іс екендігіне кәміл сенеміз!

Абдельдинова Ж.К.

Павлодар қаласының № 37 ЖОМ – нің мектеп

психологі, өзін-өзі тану мұғалімі.