Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Адрес: ул.Ворушина, 6/2
662408, 662407
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Четверг с 15:00 до 18:00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
WSC комитетінің мүшесі Джозеф Карра мырзамен кездесу
27-10-2016 10:43
WSC комитетінің мүшесі Джозеф Карра мырзамен кездесу

Бүгін Павлодар қаласының №37 жалпы орта білім беру мектебінде шет елдік ұйымдастыру комитетінің мүшесі Джозеф Карра мырзамен кездесу өтті. Аталған шараға №22 ЖОББМ 9-10 сынып оқушылары және біздің 9-10 сынып оқушылары қатысты.

Кездесу аясы ағылшын тілінде өтті. Джозеф Карра өзінің тәжірибиесімен таныстыра отырып, «Алматы қаласында өтетін қысқы олимпиада және ЭКСПО - 2017 болашақ жастары үшін ағылшын тілін еркін меңгеруге зор мүмкіншілік беретін халықаралық шара. Қазіргі индустриальды қоғамда ағылшын тілі халықаралық қарым-қатынас тіліне айналып отыр, сондықтан тілді білген адамға көптеген мүмкіндіктер бар» деп өз пікірімен бөлісті.

Сонымен қоса іс шара барысында 2017 жылы 12 қаңтарда Павлодар қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында жоғары сынып оқушылары арасында өтетін халықаралық олимпиаданың аймақтық кезеңі туралы мәселелері талқыланды.