Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықты әлемге танытудың бірден бір жолы спорттық бәсекелер деп атап көрсеткен. Осыған орай бүгінгі күні №37 жалпы орта білім беретін мектебіміздің қабырғасында «Универсиада 2017» атты республикалық науқан өтті. Науқанға 8-11сынып оқушылары қатысты.
Мемлекетіміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңына орай 2017 жылдың 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы облысында өтетін «Қысқы Универсиада» - Қазақстанды әлемге танытатын ең ірі спорттық додаға мінекей 100 күн қалды.
Бүгінгі «Универсиада 2017» атты республикалық науқанынынөткізудегі басты мақсатымыз - Елбасы Н. Назарбаевтың қазақстандықтардың кем дегенде 30 пайызын бұқаралық спортпен шұғылдануға тарту туралы тапсырмасын орындау және оқушылар арасында осы бұқаралық спортты кеңінен насихаттау. Шараның қонағы болып Қазақстан Республикасының кикбоксинг бойынша халықаралық кластың спорт шебері Хасанов Нұрсұлтан және 2013 жылғы Түркиядағы әлем чемпионының күміс жүлдегері, 2015 жылы Индиядағы Азия чемпионы Қасанбаев Ерсайын, Қазақстан Республикасының спорт шебері, 2015 жылы Индиядағы Азия чемпионы, ҚР-ның 2012-2016 жж чемпионаты жүлдегері Сыздыков Шынғыс сынды спорт майталмандары оқушыларымызға республикалық бірыңғай спорттық жаттығуларды жасатты.
Шараға байланысты біз де өз үлесімізді атап айтқанда мектебіміздің спорт саласындағы белсенді де шебер оқушыларымыз: Кашкенов Ануар, Нұркаев Еламан, Кабен Дастанның болашағынан зор үміт күтеміз.
Қортындысында, оқушыларымыз
Денсаулық ол – шыныққан Барлық денең мүшесі. Денсаулық ол - тыныққан Жүйке тамыр жүйесі. Денсаулық ол - күлуің Көңіл – күйің жадырай, Денсаулық ол – жүруің, Ешбір жерің ауырмай- дей отырып, «Қысқы универсиада Алматы-2017 қатысушыларына сәттілік тіледі.
Тарих пәні мұғалімі:
Базен Балжан Қанатқызы