Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"МӘШҺҮР ЖҮСІП ОҚУЛАРЫ" АТТЫ ЖАС ҒАЛЫМДАР (ОҚУШЫЛАР) КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
24-10-2016 04:13

%d0%b1%d0%b5%d0%b7%d1%8b%d0%bc%d1%8f%d0%bd%d0%bd%d1%8b%d0%b9

Қазан айының он тоғызы күні Павлодар қаласындағы №37 мектепте "Мәшһүр Жүсіп оқулары" атты жас ғалымдар (оқушылар) конференциясы өтті. Конференцияда оқушылардың жасаған баяндамалары тыңдалды.

Конференцияның басты мақсаты: Қазақ әдебиетінің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан ақын әрі фольклорист ғалым: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ұрпағына қалдырған мұраларын насихаттай отыра өнегесін үлгі етіп, оқушыларға рухани тәрбие беру.

Конференция барысында алғашқы болып сөз алған Дильназ Куанышбекова ақынның өмірі мен шығармашылығы жөнінде көп мәліметтер берді. Қалымбек Ақмаржан М.Ж.Көпейұлының шығармаларындағы адамтану мәселелеріне тоқтала келіп: "Ақынның адамтану мәселелері қамтылған шығармалары оқушыларға көбірек насихатталатын болса, бүгінгі ұрпақтың өзге діннің жетегінде кетуне бірден-бір тосқауыл болары анық, ұлт құндылығы сақталары сөзсіз", - деген салмақты ой айтты.

Алпысбай Гүлжазира М.Ж.Көпейұлының халық ауыз әдебиетін жинаушы ретіндегі еңбектеріне тоқталып өтсе, Қасымхан Алихан М.Ж.Көпейұлының жұмбақтану ғалымына қосқан үлесін салмақтап айтып өтті. Алиханның айтуынша, М.Ж.Көпейұлы қазақ жұмбақтарын жинап қана қоймай, өз жанынан жұмбақ та шығарып отырған. Алайда оның жұмбақтарын әлі де болса терең зерттеу керек екендігін ерекше атап өтті. Қойшыбай Айгерім "М.Ж.Көпейұлы шығармаларындағы дәуір шындығы" атты баяндама жасап, ақын шығармаларын өзі өмір сүрген дәуірдің әдеби-тарихи процесін шынайы бейнелейтін туындылар қатарына жатқызуға болатынын тілге тиек етті. Конференция соңында үздік баяндамашылар анықталып, сарапшылар тарапынан марапаттарға ие болды.

%d0%bc%d0%b0%d1%88%d1%85%d1%83%d1%80-%d0%b6%d1%83%d1%81%d1%83%d0%bf-%d0%be%d0%ba%d1%83%d0%bb%d0%b0%d1%80%d1%8b

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Абдуллаева Қалдыкүл Манашқызы