Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2005 жылы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы бойынша «Жасыл ел» бағдарламасының негiзi қаланған болатын.
Биылғы жылы біздің мектебімізде “Жасыл ел” мемлекеттік бағдарлама аясында іс-шараларға өз үлесін қосты. Мектебімізде “Жасыл ел” мемлекеттік бағдарлама аясында іс-шаралар жоспары бекітілген. Жоспар бойынша мектеп ауласында жаз уақытында 21 түрлі гулдер мен 7 түрлі бұта және 17 түрлі ағаштар отырғызылған.
«Ұлттық нақыштағы - Жасыл желек» атты стильмен көгалдандыру іске асты. Бұндағы мақсатымыз мектеп алаңын қазақи-эстетикалық рәсімдеу, көркейту, оқушының табиғатқа деген сүйіспеншілігін, танымдық белсенділігін арттыру, қазақстандық патриотизмді және оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту болды. Ұлттық идеологиямызды, ұлттық идеямызды, ұлықтау мақсатында гулзарларды қазақи ою-өрнектер арқылы жасадық.
Сонымен қоса ,бағдарлама аясында мектебімізде жаз уақытында «Сүйікті мектебіме-сүйікті гүлім» атты науқаны өтті. ҚР Тәуілсіздігінің - 25 жылдығының қарсаңында «Мектебіміздің гүлденуі-туған жеріміздің гүлденуі!» біз үшін, біздің мектебіміз үшін өте маңызды.
Аталған іс-шаралардың қортындысында мектебіміз «Жасыл ел бағдарламасы аясында мектеп аумағын абаттандыру және көгалдандыру бойынша мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік учаскелерінің облыстық «Жасыл желек» сайысы бойынша Павлодар облысының білім беру басқармасынан жүлделі І орын диплом маратаптына ие болдық.
Біз елімізді жапырағы қурамайтын, тамыры суалмайтын, көрген жан тамсанбай тұра алмайтын Мәңгілік жасыл елге айналдыруымыз керек.Осы орайда бағдарлама аясында мектебіміз әлі де атқарар ісі алда.
Кейінгі ұрпаққа желден ық, суықтан пана, ыстықтан сая болатын мәңгілік бәйтерек тұрпатты жасыл елді табыстауымыз керек деп ойлаймын.
“№37 жалпы орта білім беру мектебі” ММ Тарих пәні мұғалімі Бәзен Б.Қ.