Телефон доверия
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Адрес: ул.Ворушина, 6/2
662408, 662407
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Четверг с 15:00 до 18:00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Денсаулық күні» қызықты өтті!
15-09-2016 04:06
«Денсаулық күні» қызықты өтті!

Отбасы күніне орай, мектебімізде 5-11 сыныптар арасында «Денсаулық күні» аясында іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Шараның мақсаты - оқушылардың денесін шыңдап, күш - қуатын нығайту, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу мен қоса, жарыс кезінде ойынға қызыға қатысуына жағдай жасау. Оқушылар спорт жайлы өлеңдерін оқып, ән салып, би билеп, спорттық жарыстармен ұласты.

Жарыстың бағдарламасы негізінде минифутбол - 5-сыныптар, кросс - 6-7-сыныптар, волейбол - 8-сыныптар, баскетбол - 9- сыныптар, 100 м. Пресс артылу 10-11 сыныптар арасында іске асты. «Денсаулық күні» мерекелік шарасынан оқушылар өте көңілді және қуанышты болып қайтты. Бұл шара оқушылардың спортқа деген ынталары мен қызығушылықтарын арттырды, өз денсаулықтарына мұқият қарауға, жат әдеттен жиреніп, тек жақсы әдеттермен достасуға, сонымен қатар қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін молайтуға баулыды.

Жарыс жеңімпаздары жинаған ұпайлары бойынша анықталып, 1, 2, 3 дәрежедегі грамоталармен марапатталды. Жалпы «Денсаулық күні» қызықты өтті. Осындай шаралардың көптеп өткізілуі ұлт денсаулығын нығайтуға, жаны да, тәні де сау ұрпақ тәрбиелеуге тигізетін пайдасы орасан!

Баскетбол ойыны 1 орын – 9 «В» 2 орын – 9 «А» 3 орын – 9 «Б» Волейбол ойыны 1 орын – 8 «А» 2 орын – 8 «В» 3 орын – 8 «Б» Мини – футбол ойыны 1 орын – 5 «Б» 2 орын – 5 «Г» 3 орын – 5 «Д» Кросс (қыздар) 1 орын 6 сынып оқушылары: Нуртаева Дильназ 2 орын Құнанбаева Раджана 3 орын Иманбек Мадина Кросс (ұлдар) 1 орын Зейнолла Санжар 7 «В» 2 орын Нургалиев Дастан 7 «В» 3 орын Кабден Ислам 6 «В» 2 3 4

37 ЖОББМ

Бәзен Балжан Қанатқызы