Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Адрес: ул.Ворушина, 6/2
662408, 662407
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Четверг с 15:00 до 18:00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Кітапқа сүйіспеншілік күні
08-06-2016 04:37
Кітапқа сүйіспеншілік күні

Павлодар қаласындағы № 37 жалпы орта білім беру мектебінің «Жайдарлы жаз - жас ұрпақ» атты сауықтырулагерінің жұмысы өз жалғасын табуда. Маусымның алтыншы жұлдызына жоспарланған "Кітапқа сүйіспеншілік күні" тақырыбы аясында "Жас дәурен" тобының мүшелері облыстық кітапханада болып қайтты.

Мұндағы мақсатымыз: балалар назарын кітап оқу мәселесіне аудару, яғни кітап оқуға үндеу. Әрбір оқушыныңкітапқа деген қызығушылығын оятып, шығармашылық ізденістерге баулу, оқырмандық қабілеттерін қалыптастыру болатын.

P1030331 Шара барысында кітапханашы көркем әдебиеттің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын құнды дүние екендігін балаларға ерекше ықыласпен түсіндірді. Сондай-ақ ежелгі замандардан бері қарай адамдар кітапты ерекше құрметтеп, құнды жәдігер ретінде бағалайтындығы және оның адам өміріндегі маңыздылығы жөнінде құнды пікірлер артып шараны әрі қарай жалғастырды. Сөз соңында оқушыларды жаңа кітаптармен таныстыра келе, оларды тұрақты оқырман болуға шақырды. Оқушылар да өздерінің дайындаған өлеңдерін оқып, жақын арада оқыған кітаптары туралы әңгімелеп, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.

Тәрбиешілер: Абдуллаева Қ.М., Кайрбаева А.Г.