«Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы»
![«Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы»](/media/img/blogs/1688205582.jpg)
Маусымның 3 күні Профильдік лагердегі «Патриот», «Жас құтқарушылар», «Жас жол инспекторлары» топтары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығында болды. Мемлекеттік рәміздер күніне байланысты «Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы» атты сайыс болды. Сайыс 5 бөлімнен тұрды.
![collage](/media/img/blogs/1930012797.jpg)
![IMG_4879](/media/img/blogs/1859023417.jpg)
![IMG_4886](/media/img/blogs/1850635037.jpg)
Қаламыздың №37, 22, 24 мектеп оқушылары сайысқа түсті. Сайыс қорытындысы бойынша I-орын Смағулова Аяжан дипломмен марапатталды, III-орынға Сайлаубай Әділжан, Ахметолла Мадияр дипломмен және мектебіміз алғыс хатпен марапатталды. Сыйлық ретінде қатысушыларға Несіпбек Айтұлының кітабы табыс етілді. Оқушылар бүгінгі өткен іс-шарадан өте жақсы әсермен оралды.
![IMG_4889](/media/img/blogs/135620456.jpg)
![IMG_4898](/media/img/blogs/1942304362.jpg)