Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл күн Елбасының Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталған 1997 жылдан бастап атап өтіледі және Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. №37 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары қалалық еске алу алаңында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды.