Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Волейбол лигасы
24-02-2017 09:38
Волейбол лигасы

    Павлодар қаласы мектептері арасында волейболдан 7-8 сыныптар арасында мектеп лигасы  өткізілуде. Спорттық сайысқа мектептерден құрамдалған  25 ұлдар және 20 қыздар тобы қатысады.

  Аталған лиганың  1-кезеңі ағымдағы жылдың ақпан айының 13 мен 17 аралығында өтеді.  Жарысқа қатысатын барлық топтар 4 топқа бөлінген. Сайыс жалпы қалалық 4 мектепте ( №4,17,2,37) өтуде.

   Жарыстың жартылай финалы, яғни 2 кезеңі сәуір айында өткізіледі. Әрбір топтастырылған топтардан жартылай финалға 2 топ қана шығады.  Жартылай финалдан өткен топтармен мамыр айында мектеп лигасының шешуші финалын өткізу жоспарланып отыр.

    Сол сияқты ақпан айының 20 мен 27 аралығында волейболдан 5-6 сыныптар арасында мектеп лигасы өткізіледі. Шараға  қаланың 20-дан астам мектеп оқушылары қатысады. Сайыстың ашылуы салтанатты турде ақпанның 17-сі куні № 37 ЖОМ өтті.