№37 ЖОМ-де «Білім әлеміне саяхат» тақырыбында бастауыш сыныптар апталығы өтті. Ондағы мақсат - оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту болып табылады.
Апталық барысында барлық бастауыш сынып мұғалімдері ашық сабақтар мен сабақтан тыс шаралар өткізді.
Ашық сабақтар барысында мұғалімдер заманауи жаңа технология және оқыту әдістерін, әсіресе, сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын тиімді пайдаланды.
Заманауи технологияларды қолдана отырып, мұғалімдер оқушыларының қажетті ақпаратты өз бетінше жинауына жағдай жасады, өз бетінше даму дағдылары мен білімдерін дамытуға атсалысты, нәтижелерін қорытындылады.
Оқытуды ұйымдастырудың түрлі нысандары қолданылды: ұжымдық, топтық және жұптық.
Келесі мұғалімдердің сабақтары жоғары деңгейде өтті деп танылды:
Мазанова Назгүл Төлегенқызы – "Жаратылыстану" пәнінен 1 «Б» сыныбында «Ғарыш» тақырыбында өткізді.
Сейтахметова Гүлстан Айтбайқызы – "Математика" пәнінен 1 «В» сыныбында «Екі таңбалы сандар» тақырыбында өткізді.
Хамитова Әйгерім Рысбекқызы – "Сауат ашу" пәнінен 1 «Г» сыныбында «Нәтижелі сабақ» тақырыбында өткізді.
Досмағамбетова Гүлбаршын Шаріпқызы – "Әдебиеттік оқу" пәнінен 2 «А» сыныбында «Жиырма тиын» тақырыбында өткізді.
Сабақтарға қатысқан мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі әріптестерінің жұмысын оң бағалап және сабақ барысында ізденушілік пен зерттеу әдістерін көптеп қолдануға ұсыныс білдірді.