Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Әдістемелік бірлестіктер ашық сабақтары өтті
28-02-2017 10:25
Әдістемелік бірлестіктер ашық сабақтары өтті

      № 37 жалпы орта мектебінің қазақ тілі және тарих әдістемелік бірлестігі мұғалімдері Бекбаева Риза Тілегенқызы 9 «Б» сыныбында «Ескендір» дастаны тақырыбына және Садуова Жанар Кәбденқызы Қазақстан тарихы пәнінен 8«А» сыныбында «Отарлау саясатының тарихи кезеңдері» тақырыбына ашық сабақтар өткізді. Сабақтарда  оқушылардың  ақпараттық  құзыреттілігін  қалыптастыру  жолдарының тәжірибелік  жағы қарастырылды, яғни мұғалімдер осы тақырып негізінде ақпараттық құзыреттілікті қалыптастырудың түрлі тиімді жолдарын ұсынды. Мысалы, Бекбаева Р.Т. сын тұрғысынан ойлаудың әр сатылары бойынша «Кубизм» әдісін тиімді қолданды. Ақпаратты білу мен түсінуден бастап, талдау, жинақтау, зерттеу сияқты  логикалық операциялар іске асырылды. Поэмадан сахналық қойылым көрсетілді.

    Қазақстан тарихы пәнінен Садуова Ж.К. ақпаратты құзыреттілікті қалыптастырудың аспектісі негізінде ауқымды  ақпаратты жинақтауға бағытталған және оқулықта жоқ мәліметтерді толықтыру мақсатында АКТ және қосымша әдебиетпен жұмыс ұйымдастырды.  Бір топ оқулықта берілген материалды  постерге салу, негізгіні ажырату керек болса,  2 -топ қосымша әдебиет бойынша мәлімет ұсынды, 3-топ АКТ қолданып, презентация жасады. Мұғалім АКТ технологиясын тиімді қолдана алды.

    Мұғалімдерге ақпаратты өмірмен байланыс жасауға мүмкіндік беретін тапсырмаларды енгізу ұсынылды.   Қатысқан сабақтардан мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілікті қалыптастырудың тиімді жолдарын таңдап, енгізе алатындығын  және оқушылардың ақпаратпен жұмыстың түрлі деңгейдегі аспектілері бойынша жұмыс жасай алу қабілеттерін көре білдік.  

ӘБ жетекшісі Г.А. Дюсенбина