«МЕН ӨМІРДІ СҮЙЕМІН» ТРЕНИНГІ
Бүгін №37 ЖОМ 8 «А» сыныбында «Мен өмірді сүйемін» атты тренинг сабағы өтті. Мақсаты - оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау.
Тренинг сабағы барысында оқушылар шеңбер құрып, тренинг орындады. Олар бірі-біріне ізгі тілектерін білдірді.
Тренинг соңында рефлексия өткізіліп, талқыланған мәселенің жалпы қорытындылары бірігіп тұжырымдалды. Оқушылар шарадан өте жақсы әсер алып, тренинг ұнағандарын жеткізді.
Мектеп психологі: Н.Б. Ідрисова