Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Адрес: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Химия пәнінің мұғалімі жаңа технологияны енгізуде
13-03-2017 06:41
Химия пәнінің мұғалімі жаңа технологияны енгізуде

     №37 ЖОМ химия пәнінің мұғалімі Ауталипова Салтанат Жасұланқызы, Кембридж бағдарламасы бойынша деңгейлік курстан оқуды бітірген мұғалім ретінде, жеті модульді негізге ала отырып, сабақтарымды өзім құрастыруға тырысамын. Жеті модульдің ішіне кіретіні: жаңа әдіс-тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлау, оқыту үшін бағалау, ақпараттық – коммуникативтік әдістер, басқару және көшбасшылық, таланттылық және дарындылық, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту. Жеті модульдік әдіс маған қызықты сабақ өткізуге көмектеседі, сол сабақ барысында балалар жұмысқа кірісіп кетеді, олар өздерінің ой-пікірлерін айта алады, өз-өздерін бағалайды, талдайды, талқылайды, бұл олардың келешек өмірлері үшін небәрі маңызды болып келеді. Дәстүрлі сабақта бала берілген дайын мағлұматты алады ,бұл оның дамуына кері әсер береді. Жеті модульдік идеяларды енгізу бойынша, балалар өзіндік жұмыс арқылы білімді өздері алуы тиіс, мұғалім тек қадағалау, бағыттау қызметін атқарады.Сонымен қатар, аталмыш формат оқыту тұрақты диагностика және рефлексия жүргізуге, әлсіз оқитын оқушылардың оқу мотивациясының себептерін анықтау, даулы жағдайларды шешуге мүмкіндік береді және өзін-өзі төмен бағалауының себебін анықтайды. Модульдерді қолдану мұғалімдердің дүниетанымын қайта қарауға талап етеді, оқушыға объект ретінде емес, жеке тұлға ретінде көңіл аударуға себеп болады. Әсіресе модульдерді құру процесінде сыныпта жағымды орта болуы тиіс, бұл ортада бала өзің ынғайлы, жайлы сезініп, оқу үдерісіне дұрыс қарауына жағдай жасайды.