28.04.2017 жылы № 19 жалпы орта мектебінде ғұлама «Х МӘШҺҮР-ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ шығармашылығына арналған» қалалық байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: мектеп оқушылары арасында Мәшһүр - Жүсіп Көпеев шығармаларын насихаттау, жалпы бiлiм беретiн оқу орындары оқушыларының шығармашылық қабiлеттерiн және өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктеріне деген тұлғалық сезiм мәдениетiн дамыту, оқушыларды ақынның әдеби мұрасына деген сүйiспеншiлiкке тәрбиелеу.
№ 37 жалпы білім беру мектебінің оқушылары бұл сайысқа ат салысты.
«Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» өлеңдерін мәнерлеп оқуға 7 «В» сынып оқушысы Қалқабай Айнұр қатысты, дайындаған мұғалімі Т.Т.Акпарова
«Бас болып өнер білсең тіпті жақсы» ғылыми жоба қорғауға 9«Б» сынып оқушысы Құттыбаева Адел қатысты. Ғылыми жетекшісі К.М.Абдуллаева.
«Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен»
философиялық эссе жазу сайысына 10 «А» сынып оқушысы Қабдылбари Анел қатысты, дайындаған мұғалімі Г.А.Дюсенбина.
«Бас болып өнер білсең тіпті жақсы» ғылыми жоба қорғауда 9«Б» сынып оқушысы Құттыбаева Адел ІІ орынға ие болды. Жеңімпазымызды және дайындаған мұғалімі Абдуллаева Қалдыгүл Манашқызын құттықтаймыз!
«Х МӘШҺҮР-ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ шығармашылығына арналған» қалалық байқау