Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Татулық пен бірліктің ұлы мерекесі
02-05-2017 09:53
Татулық пен бірліктің ұлы мерекесі

    Кеше Павлодарлықтар Қазақстан халықтарының бірлігі күнін атап өтті. Біздің мектебіміз әкімшілік, мектеп мұғалімдері мен қызметкерлері, сондай-ақ оқушыларының қатысуымен қаламыздың Гагарин паркінде ұйымдастырылған мерекені атап өту шарасына атсалысты. Ағымдағы жылы Павлодарлықтар үшін 1 мамыр қос мерекені тойлау нәсіп етілді, себебі ұлттық мерекеміз наурызды ауа райына байланысты атап өту осы күнге шегерілген болатын.
   Бірлік күні мерекесін атап өту «Бір ел-бір тағдыр» атты ұранмен басталды. Бұл күнде жиырмадан аса ұлт өкілдері жиналып, қатысушылар мен мерекені тамашалауға келген қонақтарды өз ұлтының әндері мен билерін және қолөнерін таныстырды.
    Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне арналған «Ұлт бірлігі - ұлы байлық» бағдарлама ұранымен түрлі ұлт өкілдерінен құралған білім беру мекемелері ұжымдары мен оқушыларының шеруі орын алып, ел бірлігінің нышанын айқындайтын көрініс тапты. Сонымен қатар, бағдарламаның сахналық көрініс ретінде қатысушылар тарапынан «Бірлігіміз жарасқан бір елміз» атты тамаша қойылым көрсетілді. Онымен қоса, Павлодар мектептерінің оқушылары бірлесе отырып орындаған «Мәңгілік ел» флешмобын билеген оқушылар түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерінде бұл көріністі одан әрі жандандыра түсті. Мереке қонақтары шараға қатысушы ұлттар ұсынған ас мәзірінен дәм татып, қолөнер бұйымдарын тамашалады. Қолөнер шеберлері ұлттық бұйымдарын жасау (ағаш жону, құмыра жасау, кілем тоқу) жолдарын көрсетті. Мерекені атап өтуші ұйымдар өз киіз үйлері жанына тайқазан, асық, алтыбақан, түрлі ұлттар аспаптарын орнатып, тамашалауға шақырды.
   37 мектеп ұжымы мерекені атап өтуді ойдағыдай жүзеге асырды. Келген қонақтарға ұлттық астан дәм ұсынылып, ән-күй жырланып, әжелер батасын беріп жатты. Мектеп ұжымы мен оқушыларымыз бірлесе атсалысқан мерекеде бірілігіміз жарасып, татулығымыз одан әрі нығая түсті десек те болады. Халық дән ризашылықпен мерекелік көңіл күйде мектебіміздің ұжым мүшелері тарапынан ұйымдастырылған барлық сайыстық шараға қатысуға тырысты. Келген қонақтар тоғыз құмалақ, арқан тарту, қол күресі, шығыс жекпе-жегі, асық ату сияқты ұлттық ойындар сайысының белсенді қатысушылары болды. Сондай-ақ, ұжымымыздың белсенділері қаламызда ұйымдастырылған веложарыстарда топ жарып, мәре сызығын алдыңғы қатарларда кесіп өтті. Бірлігіміз бен татулығымыз мәңгі болсын дегіміз келеді. Мерекелеріңіз құтты болсын ағайын!