Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Батырлар ұмытылмайды!
15-05-2017 10:58
Батырлар ұмытылмайды!

    2017 жылғы 12 мамыр күні Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Экология және туризм жастар мен жасөспірімдер орталығында" әскери-патриоттық әндердің шығармашылық конкурсы өтті.
      Сайыстың мақсаты - оқушылар бойында патриоттық сезімді дамыту, өз Отанына адал болу, азаматтық борышын және Отан қорғауда конституциялық міндеттерін адал атқаруға шақыру, Қазақстан халықтарының бірлігі мен достығын нығайту болып табылады.
   Осы шығармашылық сайыста №37 жалпы білім беру мектебінің оқушылары жүлделі 1 орынды иеленіп, жеңімпаз дипломымен марапатталды. Сол сияқты шығармашылыққа жетекшілік еткен мұғалімдер Исақова Гаухар Әбдікешқызы мен Әбдімбетова Гүлмира Бахитқызы алғыс хаттармен марапатталды. Құттықтаймыз!