Телефон доверия
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Адрес: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Математикадан халықаралық олимпиада жүлдегерлері
19-05-2017 09:09
Математикадан халықаралық олимпиада жүлдегерлері

     2017 жылғы 15 мамырда №37 жалпы білім беру мектебінің 7 сынып оқушылары математика пәнінен қашықтықтан өткізілетін халықаралық "Инфоурок" олимпиадасына қатысты. Әубәкір Әлішер және Мұқаш Әйгерім жүлделі ІІ орындарға ие болса, Исина Аружан ІІІ орынды иеленді. Қашықтықтан өткізіліп отырған "Инфоурок" олимпиадасы ең қызықты және жақсы ұйымдастырылған олимпиадалардың бірі және біздің оқушыларымызға пән бойынша өз білімдерін сынауға мүмкіншілік беруде. Осы олимпиададан оқушыларымыздың алған әсерлері мол. Олар үшін тапсырмалар алуан түрлі, күрделі де, қызықты болды. Мұндай шараларға қатысу оқушыларға өздерінің білім деңгейлерін сынауға, сайысқа қатысушылар арасында алдыңғы қатарлардан көрінуге ұмтылуға, жаңа белестер мен жеңістерді бағындыруға жетелейді. Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!