Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Көрікті жерлер»
15-06-2017 10:33
«Көрікті жерлер»

   Павлодар – солтүстік Қазақстанның мәдениет пен өнер орталығы. Павлодарлықтар өз халқының мәдениеті мен тарихи ескерткіштерін көздің қарашығындай сақтап келеді. Қалалықтар мен шаһар конақтары музейлер мен көрмелерге жиі барып тұрады. Ертістің Павлодар өңірі – атақты ғылым, мәдениет пен өнер санлақтарының отаны. Осы жердің қасиетті топырағында Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Бұқар жырау Қалқаманұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жаяу Мұса, Иса Байзақов, Естай Беркімбаев, Майра Шамсутдинова, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, Әбікен Бектұров, Жұмат Шанин, Дихан Әбілов, Шәкен Айманов, Мұзафар Әлімбаев, Қалижан Бекхожин, Павел Васильев, Жабайхан Әбділдин, т.б. ғұлама ақын-жазушылар мен ғалымдар дүниеге келген. Қалада екі драма театры, төрт мәдениет үйі мен сарайы, мәдени ойын-сауық орталығы, үш саябақ, бес музей жұмыс істейді. Тарихи және архитектуралық ескерткіштер де жетерлік. Олардың арасында төрт мұнаралы Мәшһүр Жүсіп атындағы мешіт, орыс православиелік соборы, католиктер шіркеуі, Ертіс өзенінің жағажайы бар. Дамыған қызмет көрсетулер, заманауи қонақ үйлер, мейрамханалар мен дәмханалар, бильярд залдары, спорт клубтары, кинотеатрлар мен басқа да ойын-сауық орталықтары баршылық. Ертіс өзенінің бойындағы қонақжай қаланың туристер мен қонақтарға құшағы әрқашан айқара ашық.
    Бүгін балалар қала бойынша экскурсияға шығып, жоғарыдағыдай мағлұматтар алып, Мәшһүр Жүсіп атындағы мешіт, орыс православиелік соборы, Естай атындағы мәдениет сарайы, Жүсіпбек Аймауытов атындағы драмтеатр, т.с.с. көрікті жерлерді тамашалады. Қаланы қызықтап қана қоймай, оның тарихымен танысты. Бұл күннен балалардың үлкен әсер алғаны жүздерінен көрініп тұрды.

Топ жетекшісі: Н.Т. Мазанова.