Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Адрес: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Ата Заңымызға 22 жыл!!!
07-09-2017 05:01
Ата Заңымызға 22 жыл!!!

   Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995-жылдың 30-тамызында қабылданған болатын. 22 жылдың ішінде ол еліміздің құқықтық саясатының негізіне айналды. Ата Заң – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындай отырып, мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосып келеді. Әділ заңның арқасында мемлекетіміздің тұрақтылығы артып, дамудың даңғыл жолына түсті.
   Еліміздің тәуелсіздігі нығайып, қуаттылығы артуда. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәукенің «Жеті жарғысы» сынды дала заңдарынан бастау алған Ата заңымыз қабылданған 22 жылдың ішінде өміршеңдігін дәлелдеп келеді.
  Ынтымағы жарасқан Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды. Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіладамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің барлығы қамтылғанын айғақтайды.
  Конституция күні барлық қазақстандықтар үшін қасиетті мереке. Әрбір қазақстандық азамат біздің Конституциямызда жария етілген демократиялы құндылықтарды сақтау және көбейту үшін жауапты.
 Бүгінгі мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні құтты болсын. Отанымыз - Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыстар тілеймін.

 

Мектеп директоры Л.Б.Жүсіпова