Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еліміздің қазығын қозғалтпайтын басты күш.
14-09-2017 08:42
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еліміздің қазығын қозғалтпайтын басты күш.

   Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айрылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, еліміздің игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселелер талқыланып отыр.
       Өте терең жазылған жауғар туындымен таныса келе, төмендегідей ой түйдім. Біріншіден, Ата-бабаларымыздан мұра болып қалған кең байтақ жерімізді, тарихи-мәдени құндылықтарымызды, тарихымызды, ізгі қасиеттерімізді сақтап және де жаңғыртуымыз қажет. Өйткені, ұрпақ санасында ұлттық рух мәңгі қалуы тиіс. Екіншіден, Білім әр адамның рухани азығы. Білімді-саналы ұрпақты өсіру үшін, балалардың бойына ізгілік пен патриоттық сезімді ояту. Үшіншіден: «Туған жер» бағдарламасы аясында, жергілікті және республикалық деңгейдегі тарихи ескерткіштерді көздің қарашығындай қорғау, оларды алыс-жақын жұртқа насихаттау. Өйткені, бұл бағдарлама аясында жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналатыны сөзсіз. Ойымды қортындылай келе, айтатыным төл тума тарихымызды сақтап қалу үшін, ұлттық құндылықтарымызды берік ұстану үшін, білімді әрі қарай дамыту үшін, халқымыздың рухани жаңғыруы үшін жұмыла жұмыс жасау керек деп ойлаймын.
     Міне, әсіре, туған жерді сүю, атамекен-ауылды ардақ тұтуға қатысты айтылған әңгімелер ерекше толқытты. Шынында да, туған жердің тарихын Ұлы дала балалары біліп өсу керек қой. Қазір қарап отырсақ, оқушыларға мектеп бағдарламасында алыс-жақын шет елдердің тыныс-тіршілігін, ежелгі және қазіргі заманның тарихы туралы аз айтылып жүрген жоқ. Ал, оқушының өзі өскен өлкесі туралы, туған жерінің кешегісі туралы керек дүние қаншалықты айтылып жүр? Бұл ойлантырлық мәселе. Мақалада осы ойды дамытып, басымдық берілгені мені қуантады.
     Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында еліміздің биіктерден көрініп, әлемдегі ең мықты, дамыған елдермен иық тіресіп қатар тұрғаны бәрімізге мәлім. Бұл дегеніміз біздің елімізді бүкіл жер шары таниды және үлгі тұтады деген сөз.
Елбасының бастамасын толық қолдай отырып, рухани мәдениеттің дамуы үшін тағылымды ұлттық тәрбиенің қайнарынан сусындап, биік адами құндылықтардың кемелдену барысында әрбір маман иесі кәсіби қызметін жоғары деңгейде жүзеге асыруы қажеттілігін түсінемін.
      Ел Президентінің рухани жаңғыруға қатысты ұстанымдары ұстаздық салада да, яғни орта білім беру мекемелерінен бірауыздан қолдау тауып, ұлттың кемелденіп дамуына әсер етуші ең маңызды фактор деп санаймын. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім жүйесі әрдайым бірінші кезектегі орында тұруы міндет деп есептеймін.
      Ендеше рухани арқылы әлем мойындар табысты ел болып, жарқын болашаққа деген сенім мен үмітті үндестіре отырып, баршамыз бірлік туы астында ой жүйесі терең, алыстан пайымдап, тереңнен тамырлаған дүниетанымы кең, бәсекеге төтеп беретін жастарды тәрбиелеу тарапынан жасалып жатқан жұмыстарымыз жемісті болсын деп тілегім келеді.