Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Адрес: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«ӨЗІН ӨЗІ БАСҚАРУ» ШАРАСЫ
30-09-2017 09:27
«ӨЗІН ӨЗІ БАСҚАРУ» ШАРАСЫ

       29 қыркүйек күні мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай мектебіміздің ең шығармашыл және белсенді оқушыларының қатысуымен оқушылардың өзін-өзі басқару күні өтті. Өзін өзі басқару шарасы оқушылардың тұлғалық өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту, тәрбиелеу және жауапкершілік қасиеттерін арттыру мен басқару үрдістеріне тарту мақсатында жүргізілді. Мереке күні оқушылардың әкімшілік және ұстаздар атынан әрекет етуіне мүмкіндік туып, оқушылардың ұстаздарды салтанатты түрде қарсы алуымен басталды. Бұл күні мектеп директорын 11 «А» сынып оқушысы Бақтыбай Ильяс сомдады. Ильяс жұмыс күнінің мақсаты мен міндеттерін таныстырып, мәселелердің шешу жолдарын айқындады. Әкімшілік орнын сомдайтын оқушылар, оқытушылардың өткізіп жатқан сабақтарына қатаң бақылау жүргізіп, алдына қойған мақсаттарына жете білді. Оқытушыларды да 9-11 сынып оқушылары сомдап, сабақтарды өз деңгейінде өткізді.