Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Ұстаз- ұлағатты есім»
30-09-2017 09:30
«Ұстаз- ұлағатты есім»

Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты
Ол болмаса кім береді парасатты
Асылын беріп шәкірт бойларына
Ағартқан сол үшін де қара шашты

деп, 28.09.17 мектебіміздің акт залының төрінде адамзатты тек қана білімге емес, сондай-ақ кішіпейілділікке, қарапайымдылыққа,адамгершілікке тәрбиеленетін мамандық иелері ұстаздарымыздың құрметіне арналған «Ұстаз- ұлағатты есім» атты музыкалық кеш өтті. Кешіміздің шымылдығын мектебіміздің директоры, ұлағатты ұстаз Ләйлә Бажқызы Жүсіпова ашты.
Өз сөзін, «Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады, «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны» сіздерді мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілеймін деп, жүрек жарды тілектерімен бөлісті. Биыл ғана мектеп табалдырығын аттап келген жас бүлдіршіндер мектебіміздің зейнеткер ұстазы Бақытқайша Рақымғалиқызының авторлығымен жазылған өлеңімен ұстаздарды құттықтады.
Кеш соңы мектебіміздің музыка саласының маманы Едіге Асылбек

Ұстазым,менің,ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс-жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып

деп, мектебіміздің шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздарын төл мерекелерімен құттықтады !!!