Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Адрес: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Ұстаздық еткен жалықпас.....үйретуден балаға.....
02-10-2017 09:08
Ұстаздық еткен жалықпас.....үйретуден балаға.....

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,
Өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.

Ыбырай Алтынсарин

       Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Адамзат баласы жер бетіне жаралғаннан бастап ілім іздеп, оқу оқумен қатар, жер жаһанның құпия сырлырын ашумен келеді. Талмай еңбек етумен ізденістің арқасында өзіне де өзге де дүниенің құпиясын ашып көрсетпек. Осы тұрғыда еңбегі өлщеусіз өз баласынан өзгенің баласын артық көріп, қамқор бола білетін жан ол – ұстаз. Өз бойындағы жақсы қасиеттерді, алған білімін шәкірітінің бойына дарытып аянбай еңбек ететін жандар.
        «Ұстаз ұлы — тұлға» - дегендей, бәріміз де ұстаз алдынан өттік. Ұстаздың еңбегінің арқасында әкім де, не бір өнертапқыш та, әнші, биші бәріде ұстаздың салған сара жолымен жүрген жандар десек қателеспейміз. Таңнан қара кешке дейін мектеп партасымен бірге барлық өмірін бала тәрбиесіне арнап сапалы білім берумен қатар өмірге дұрыс бағыт – бағдар бере білетін жан. Дүниеде көптеген мамандық иесі бар десек, солардың ең қиыны ұрпақ тәрбиесіне тікелей қатысты, сол ұрпақтың ертең қандай адамзат болып өсуіне ұстаздың тікелей қатысы бар.
        Ұстаздардың мерекесі қарсаңында Павлодар қаласының №37 жалпы білім беру мектебінде 29 қыркүйек күні мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараны мектебіміздің оқушылары ұйымдастырды. Аталған шараға өз үлестерін қоссқан мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымына үлкен алғысымызды білдіреміз.
        Құрметті әріптестер! Сіздерді төл мерекелерімен құттықтай отырып, еңбектеріңізге жеміс, шығармашылық шабыт тілейміз!