Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Мейірімді жүрек» атты мерекелік шара
27-10-2017 08:11
«Мейірімді жүрек» атты мерекелік шара

О,қамқоршым,
Таянышым,тірегім.
Бар бақытты бір басыңа тіледім!
Мені жақсы болса екен деп қашан да,
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің

Қазанның 26-шы жұлдызы мектебіміздің мәжіліс залында «Қамқоршы күні мерекесіне орай «Мейірімді жүрек» атты мерекелік шарасы өтті. Шараның мақсаты жетім және қамқорлыққа алынған балалардың құқықтарын қорғай отырып, балаларды өз қарамағына тәрбиелеуге алған қамқоршы, қорғаншыларға алғыс білдіру, құттықтау, құрметтеу.
Шараның шымылдығын құрметті қамқоршыларды мерекелерімен құттықтау үшін мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Ұ.С. Исагалиева ашты.
Ата-анасының қамқорынсыз қалған 6 сынып оқушысы Пулатов Алишердің апасы Пулатова Базар Амиргалиевна сөз сөйледі.
Әр қамқоршыға қамқорлығындағы баланың тәрбиесіне, оқуына, оның қоғамдық пайдалы еңбекке даярлығын қамтамасыз етуде көрсетіп отырған игілікті қызметтері үшін алғыс хаттарымен марапатталды. Марапаттың соңы 3 «Б» сынып оқушыларының ән шашуымен жалғасты.
Әке-ана деген сөздер баланың жанында мәнгі сақталады , ата-ананың аялы алақанын жоғалтпай, мейрімін шашып отырған осындай жандарға алғыс айтып, ескеріп өту біздің міндетіміз!