Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Адрес: ул.Ворушина, 6/2
662408, 662407
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Четверг с 15:00 до 18:00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Мүмкіншілігі шектеулі балаларды оқытудың мәселелерін шешу»
09-11-2017 08:29
«Мүмкіншілігі шектеулі балаларды оқытудың мәселелерін шешу»

«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға
көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін
Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы
тиіс- бұл өзіміздің және қоғам
алдындағы біздің парызымыз»

Н.Ә.Назарбаев

Білім алуға құқығын қамтамасыз ету, білім алуға қажетті әлеуметтік – экономикалық жағдайлар жасау, тегін мектепалды, бастауыш, негізгі, орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алу Қазақстан Республикасының азаматтары үшін білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер болып табылады.
Әлемдік тәжірибеде білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ең тиімді механизм ретінде инклюзивті білім беру танылды. Басқа көптеген мемлекеттер сияқты Қазақстан да инклюзивті бағыттағы жалпы білім беретін ұйым барлығы үшін орта білім беруді қамтамасыз ететін, сондай-ақ елде инклюзивті қоғамды құру мен дамытуға ықпал ететін тиімді механизм екендігін мойындайды. Инклюзивті оқыту білім алу барлығына да қол жетімді деген қағидатқа негізделетін оқыту болып табылады.
Аталған тақырып аясында мектебімізде 8-қараша күні Павлодар қаласының «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының қызметкері Бибигул Амерхановнаның басшылығымен және облыстың бірнеше аймақтарының мұғалімдерінің қатысуымен семинар өтті.
Семинарда мектебіміздің психологы Абдельдинова Жанар Қамалқызы «Мүмкіншілігі шектеулі балаларды оқытудың мәселелерін шешу» атты презентациясымен таныстырды. Пән мұғалімдерін көптеген кеңестерімен таныстыра отырып, қазіргі таңда өскелең ұрпақты тәрбиелеу маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Олардың әлеуметтік ортаға бейімделуі, қоғамда өз орындарын дұрыс бағыттай алуы, құқықтарының қорғалуы, үлкендер тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырамауын бүгінде тәрбие беретін мамандарға зор жауапкершілік артылып отыр деп» өз сөзін қортындылады.