«Өнер көзі-халықта, халықсыз өнер өнерсіз халық жоқ, оны жаңғыртып іске асыру- біздің басты парызымыз» Қазақ халқы талғампаз халық , ұрпағына өнеге қалдырған бай мұрасы- тұрған ғибрат өнеге, ұрпақ жалғастығын байланыстырып тұрған, халықтың өміршең тәжірбиесіне толы. Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдары әсемдігі, өрнегі, тұрмысқа сән беруімен адамдарға рухани ләззат әкелген.
Заманауи ұстаздың мақсаты, оқушыны шығармашылық жағынан дамуына бағдар беру, оның сезімдерін ояту арқылы, жаңа нәрсені ойлап табуға мүмкіндік жасау болып табылады, сонымен 8-9 сыныпта оқитын қыздарға технология сабақтарында жүннен картина жасаудың жаңа технологиясы үйретіледі. Қазіргі сабақтардың өзінде халқымыздың мәдени мұрасын жаңғырту, ата-бабаларымыздың асыл қазынасының бірі жүннен жасалатын бұйымдар туралы, жүннің қасиеттіне тоқталып, кең мағлұмат беріледі.
Халқымыздың қолөнерін сүйе білуге, құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушыларды ұқыптылыққа,тиянақтылыққа баулып, жүннен картина жасау арқылы әсемдікке тәрбиелеу қазіргі уақытта өте керек, және өте маңызды.
«Өнер көзі-халықта»