«Менің Президентім» атты мәнерлеп оқу сайысы
![«Менің Президентім» атты мәнерлеп оқу сайысы](/media/img/blogs/5a1cf5f5f2164.jpg)
Тұңғыш Президент күніне орай 5-сынып оқушылары арасында «Менің Президентім» атты поэзиялық және прозалық шығармалардан мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. 5-сынып оқушыларының арасында кітапты сүйіп оқитындар көп,сондықтан өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алды.
Нәтижесін сараптай келсек, оқушылардың әдеби материалды таңдаудағы жан-жақтылығын алға тартуға болады. Барлық оқушылар талантты,өздерін жеңе білді. Әділ-қазы алқасының шешімі бойынша 5 «в» сынып командасы үздік танылды.