2017 жылдың 7-8 желтоқсанында өткізілген қалалық пән олимпиадасының нәтижесі бойынша № 37 жалпы орта білім беру мектебінің тарих және құқық пәнінің мұғалімі Әлия Егінбайқызы Касымжанова ұстаз дайындаған 4 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсам, Қазақстан тарихы пәнінен 10-сынып оқушысы Айдарханов Айдар – І орын, 9-сынып оқушысы Еркінбек Жалғасбек- ІІ орын, құқықтану пәнінен 11-сынып оқушысы Машрап Шернияз І орын, 10-сынып Құттыбаева Адель І орынға ие болды. Оқушылар облыстық пән олимпиадасына жолдама алды. Бұл нәтижеге Алия Егінбайқызы дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін дұрыс ұйымдастыра білуінің және қажырлы, жүйелі еңбегі арқасында жетті. Нәтижеге бағытталған жұмыс өз өнімін берді. Облыстық пән олимпиадасында Әлия Егінбайқызының оқушыларына мол табыс тілейміз.
Әлия Егінбайқызының дарынды оқушылармен жұмыс нәтижесі