«Сөйлейтін кітап» жобасының «Эмоционалды оқу» номинациясы
2 желтоқсанда облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде «Сөйлейтін кітап: балалар оқиды!» атты «Халық радиосымен» бірлесіп іске асырылған жобаның қортындысы жарияланды. Жоба барлық жастағы оқырмандар арасында оқу беделін арттыруға бағытталған. Жобаға қала мектептерінен 70-тен астам оқушы қатысты. Жоба нәтижесінде кітапхананың ең белсенді оқырмандар тобы таңдалып, мектебіміздің 11 сынып үздік оқушысы Ергібай Мадина «Эмоционалды оқу» номинациясы бойынша грамотамен марапатталды.