Мектебімізде жыл сайын 10-шы қаңтардан ақпанның 10-ы аралығында «Қамқорлық» республикалық акциясы өткізіледі.
Акция мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы нашар отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу.
Акция барысында айлық жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Жоспар негізінде, бекітілген мөлтекаудан бойынша 0-18 жас аралығындағы балалар тізімі анықталды. Рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, тұрмысы қолайсыз отбасылардың үйлері аралануда.
Акция шеңберінде мектебіміздің ұстаздар ұжымы және ата-аналар қауымымен бірлесіп жұмыстар атқарылып жатыр. Аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға спонсорлық көмектер көрсетіліп жатыр. Үйде оқытылатын мүгедек балалар да көмектен тыс қалмайды.
Қамқорлық акциясы әлі де жалғасуда.
«Қамқорлық» республикалық акциясы