№37 ЖОМ 8 "А" оқушылары областық көркем мұражайға барды
Павлодар қаласының №37 жалпы орта білім беру мектебінің 8 А сынып оқушылары және сынып жетекшісі Г.А. Дюсенбина Павлодар облыстық көркем сурет мұражайына барып, көркем сурет әлемінің тылсым сырына енді. Реалистік тұрғыдағы суреттер ұлттық нақышта салынған. Тарихи тұлғалар да өз орнын тапқан. Мұнда сонымын бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне бизнесте жоғары жетістікке жеткен «Табысты айелдер» көрмесі де ұйымдастырылған. Оқушылар көркем сурет өнерін тамашалап, эстетикалық тәрбиенің ұшталуына қадам жасады.