Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Республикалық олимпиада жеңімпаздары №37 мектебіндегі марапаттауға қатысты
04-04-2018 15:33
 Республикалық олимпиада жеңімпаздары №37 мектебіндегі марапаттауға қатысты

      2018 жылғы 3 сәуірде Павлодар қаласы № 37 жалпы орта білім беру мектебінде Республика бойынша 27-28 наурызда Қостанай қаласында өткен гуманитарлық пәндер олимпиадасының Павлодарлық жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Аталған олимпиадаға Павлодар қаласы жалпы орта білім беру мектептерінен 36 жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатысты.
      Олимпиада нәтижесінде павлодарлық оқушылар 20 алқаға ие болды, оның ішінде, 5 алтын, 4 күміс, 11 қола. Павлодар облысының командасы иемденген жүлделер деңгейі бойынша І орынға ие болып, «Ең үздік олимпиадалық команда – 2018» атағын иеленді. Кешегі күні біздің мектебімізде республикалық олимпиададан жүлдемен оралған Павлодар қаласы мектептерінің жеңімпаз оқушылары қызыл кілем үстімен жүріп өтті және келесі жүлдегерлер қошеметтер көрсетілді:
I орын иегерлері ¬– дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 9, 11 сынып оқушылары Степанова Мария, Вотчинников Николай (орыс тілі мен әдебиеті, мұғалімдері Шакенова З.М., Сербина З.А.), дарынды балаларға арналған Абай ат. №10 лицей-мектебінің 11 сынып оқушылары Сатыбаев Данияр (Қазақстан тарихы, мұғалімі Секенова М.Ж.), Сапарбекова Сабина (құқық негіздері, мұғалімі Исабаева З. Н.); Павлодар қ. №36 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Панченко Кирилл (неміс тілі, мұғалімі Демеуова К. К.);
II орын иегерлері ¬– Павлодар қ. №36 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ковальчук Александр(орыс тілі мен әдебиеті, мұғалімі Петрица Н.Г.); дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 9 сынып оқушысы Айтбай Амира (Қазақстан тарихы, мұғалімі Джежора С.Н.); дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Дюсембаева Зарема(ағылшын тілі, мұғалімі Маралбаева Д.Г.); дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 11 сынып оқушысы Юсупова Аяна (неміс тілі, мұғалімі Байгужинова Г.Т.).
III орын иегерлері – Ы.Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10, 11 сынып оқушылары Илимхан Акерке, Шарапиден Аида (қазақ тілі мен әдебиеті, мұғалімдері Абаева А.Т., Касыбаева М.Б.); облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Педченко Полина (орыс мектебіндегі қазақ тілі, мұғалімі Аманжолова А.А); Ы.Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Алмасова Дильназ (қазақ мектебіндегі орыс тілі, мұғалімі Саденова О.Б.); Аксу қ. мамандандырылған гимназиясының 11 сынып оқушысы Боранбай Бихан (Қазақстан тарихы, мұғалімі Ибраева Б.Ш.); Павлодар қ. №37 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Айдарханов Айдар (Қазақстан тарихы, мұғалімі Қасымжанова А.Е.); дарынды балаларға арналған Абай ат. №10 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Аманбаева Дина (құқық негіздері, мұғалімі Исабаева З.Н.); Павлодар қ. №37 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Куттыбаева Адель (құқық негіздері, мұғалімі Қасымжанова А.Е.); дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Каирбекова Камила (ағылшын тілі, мұғалімі Якутович Ю.С. ); Павлодар қ. №39 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Темиржанов Фарид (неміс тілі, мұғалімі Мокроусова Т. Р.); «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 11 сынып оқушысы Мухаметжанова Аружан (француз тілі, мұғалімі Батаева К.К.)
    Мектебімізде өткен айтулы шараны бұқаралық жариялау үшін жергілікті арналардың бірі болып табылатын «Ирбис» ТА түсірілім жасады. Жеңімпаздарға мектепішілік экскурсия ұйымдастырылып, мектебіміздегі заманауи технологиялардың қолданылуы таныстырылды.