«Критериялы бағалау»
![«Критериялы бағалау»](/media/img/blogs/5b975cf78fef0.jpg)
№37 жалпы орта білім беру мектебінің 2 сынып оқушыларының ата-аналарымен «Критериялы бағалау» тақырыбына жиналыс өткізілді. Бұл шарада ата-аналар топтық жұмыс жасау арқылы бірінші сыныпта балаларға баға қоюдың механизмі туралы алған түсініктерін кеңейтіп жалғастырды. Ата-аналар жиналысқа қызығушылықпен қатысып, белсенділік танытты.