ТІЛІМ МЕНІҢ ТІРІЛІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ
Мектебімізде «Тілдер айлығы» аясында «Тілім менің тірілігімнің айғағы» атты интеллектуалдық сайыс өткізілді. Оған 5-6-сынып оқушылары қатысып, өзара бақ сынасты. Нәтижесінде жеңімпаз сыныптар марапатталды. Атап айтсақ, 1-орынға 5-«А» сыныбы, 2-орынға 5-«Б» сыныбы, 3-орынға 6-«А»сыныбы лайық деп танылды. Сайыс үш кезең бойынша жүргізілді.
Интеллектуалдық сайысты ұйымдастырудың мақсаты: оқушылардың тілдік қабілетін дамыта отыра шығармашылық құзіреттілігін қалыптастыру болатын. Шара өз деңгейінде өтті. Оқушылар қатты қызығушылық танытып, белсене қатысты. Сондықтан мұндай шараларды өткізудің маңызы зор.
Ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері: Сәкен Умрахимов пен Қалдыкүл Абдуллаева