2-4 сыныптар арасында ата-аналарға арналған Республикалық конференция
Ағымдағы жылдың 13-ші қазанында Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің тапсырысы бойынша дайындалған 2-4 сыныптар арасында ата-аналарға арналған: «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» тақырыбында Республикалық конференция өтті.
Конференцияның мақсаты: баланың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балада интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу, отбасылық құндылықтарды нығайту, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу және мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу болды.