"Облыс мектептерінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту сапасын қамтамасыз ету" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
2018 жылғы 17 қазанда Павлодар қаласының №37 мектебінде "Облыс мектептерінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту сапасын қамтамасыз ету" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Мұнда жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуды тиімді енгізу және көшуге қамтамасыз ету талқыланды.
Дөңгелек үстел қатысушылары болашақты жеделдетудің, инновациялық нәтижелерін, озық технологияларды енгізу, сондақ-ақ, түрлі жағдаяттарда салмақты шешім қабылдауға адамның қабілеттерінің негізін қалайтын факторлар іспеттес "адами ресурстардың" және "адами капиталдың" дамуы үшін заманауи білім берудің шешуші мәні бар екенін атап өтті.