Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Semey open-2018» турнирінің жеңімпазы
07-11-2018 10:58
«Semey open-2018» турнирінің жеңімпазы

№ 37 жалпы орта мектебінің 1 «А» сынып оқушысы Қожанов Батырхан Армениядағы Ереван қаласында өткен таеквандодан Халықаралық «GTF TAEKWONDO EUROPEAN OPEN CUP 2018» сайысына Қазақстан Республикасының намысын қорғауға кетті деп жазған едік. Жас спортшымыз аман есен жарыстан оралып, өзімен бірге қанжығасына алтын медаль байлады. Осындай талантты да дарынды өренімізді №37 мектеп оқушылары мен мұғалімдері салтанатты қарсы алды. Спортшымыз осымен тоқтап қалған жоқ, сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысында өткен «Semey open-2018» турнирына қатысып тағыда алтын медальды жеңіп алды. Дарынды спортшымызды мақтан тұтамыз! Спорт пен сабағын қатар алып жүрген, тәрбиелі де өнегелі бала тәрбиелеп отырған ата- анасына мың алғыс білдіреміз. Осыдан да асқан биік шыңдарды бағындыра бер!