Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ» МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
29-11-2018 23:26
«ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ» МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН  ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Бүгін мектебімізде «Біздің Елбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған 7-«Д» сынып оқушылары қатысты. Шараның мақсаты: қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен ортасы, білім алған ордасы және қызметі туралы білімдерін кеңейту болатын.

Оқушылар Елбасы туралы білімдерін ортаға салып, оның балалық шағынан бастап бүгінгі өміріне дейінгі кезеңдері туралы ой бөлісті. Атап айтсақ, Гроссс Ангелина Елбасының балалық шағы туралы, оның өміріндегі қиын сәттері мен қызықты күндерін әңгімелесе, Анеля Саргазакова есейіп, қызметке араласқан кезеңдерін әңгімеге арқау етті. Ал Ислам басшылық қызметтері туралы ой бөлісті. Әзілхан ғылым жолындағы ерен еңбектеріне тоқталды. Темірлан болса, ғылыми еңбектері жайында әңгімелеп берді. Шара соңы Елбасының «Үш қоңыр» әнімен қорытындыланды.